Бұл сауалға қазақстандық спортшының өзі жауап берді.
"Мен асықпаймын": Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен кездесе ме?
2,061
оқылды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Prosports.kz сайтының жазуынша, Рахмонов Исламның – чемпион екенін мойындаған.

"Егер UFC мүдделі болса, жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күресуі мүмкін. Бірақ бастысы, ол кейін 77 келідегі белбеуді қорғайды. Егер ол чемпион атанса, белбеуді қорғайды немесе босатады. Махачевпен жекпе-жек өткіземіз бе? Көреміз. Мен асыққым келмейді. Мүмкін кездесерміз, мүмкін кездеспейтін шығармыз. Біз мұны әлі білмейміз. Оны уақыт көрсетеді, – деді қазақстандық файтер.