Белгісіз біреу ер адамды пышақтап кеткен.
Ерегесіп қалған: Алматыдағы караоке-клубта болған жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды
1,052
оқылды

Алматыдағы караоке клубтардың бірінің жанында ер адамды пышақтап кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 26 қарашада болған. Ер адамдар жанжалды шешу үшін сыртқа шыққан. Жанжалдасқандардың бірі пышақ алып шыққан.

Күдіктінің қашып кеткені хабарланды. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, күдікті спортшы және егіз бауыры бар.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.

"Дерек бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктіні ұстауға және іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде  өзге  мәліметтер жарияланбайды.