Жас жігіт 9 желтоқсаннан кейін байланысқа шықпаған.
Елордалық 18 жастағы такси жүргізушісі Қарағандыға баратын жолда жоғалып кетті
4,425
оқылды

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Patriot басылымының жазуынша, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігімен такси қызметімен айналысқан.

Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысын тоқтатты.

Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 ​​телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.