Шығыс өңірі тұрғындарының мәселесімен танысты
Шығыс өңірі тұрғындарының мәселесімен танысты
©Тәттімбек Асханұлы
322
оқылды
Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей жұмыс сапарымен  Шығыс Қазақстан облысында болып, Шемонаиха және Ұлан аудандарын аралап, өңір тұрғындарымен кездесті. Партия басшылығының Шығыс өңіріне жасаған бұл сапары Елбасының «партия қашанда халыққа жақын болуы керек, тұрғындардың мәселесіне бей-жай қарамай, барынша олардың шешілуіне атсалысуы тиіс» деген арнайы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – тұрғындарды толғандырған мәселелермен танысып, партия тарапынан қолдау көрсету. Әлібек Әлденей алдымен Шемонайха ауданында партия мүшелерімен және қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан тұрғындарымен емен-жарқын сұхбаттасып, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. «Елбасы, партия Төрағасы алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр. Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаға сәйкес партия жұмысын жүйелі жаңғырту үшін бүгінгі таңда көптеген жұмыстар атқарылуда. Сіздердің аудандарыңызда партиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатқандығымен  таныс болдым», - деді Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей. Тұрғындар да өз кезегінде көкейіндегі сауалдарын қойып, өз ойларын бүкпесіз ортаға салды. «Мен Шемонайха ауданына 2017 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысынан көшіп келдім. Бүгінгі таңда аудандық ішкі саясат бөлімінде жұмыс істеймін. 3 жыл ішінде ауданымызға 87 отбасы, яғни 172 адам қоныс аударды. Ол отбасылар аудан тарапынан тұрақты жұмыспен және баспанамен қамтылып, тіршіліктерін жалғастыруда», – дейді кездесу барысында сөз алған Шемонайха аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Курбанова Юлдыз. Сонымен қатар Әлібек Әлденей Nur Otan партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдау кезінде жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету, аудан жастарына арналған спорттық кешен салу мәселелері көтерілді. Қабылдауға келген аудан тұрғыны Сабырбеков Еркебұлан жабық спорт кешенін салу мәселесі бойынша өтінішін жеткізді. «Ауданымызда спортпен айналысып салауаты өмір салтын ұстанатын жастардың қатары көп, бірақ көпшіліктін сұранысын шешуге ауданда істейтін спорт секциялардың шамасы жетпей жатыр. Сондай-ақ аудандаға ең жакын спорт кешені 12 км қашықтықта орналасқан, сондықтанда аудан жастары бос уакытта секцияларда және т.б. спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік жоқ. Осыған орай, жастардың спортпен айналысуға деген ниетін қолдап, жабық спорт кешенінің салынуына партия тарапынан ықпал етуге сұраймын» - деді аудан тұрғыны Сабырбеков Еркебұлан. «Сіздің сұрағыңызға келсек, жергілікті билік органдарының мәліметінше қазіргі кезде ауданда жабық спорт кешенін салуға бюджеттен ақша қарастырылып жатыр. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Спорт кешенінің салуы алдағы уақытта партиялық бақылауда ұстаймыз», – деді Әлібек Әлденей.  width= Партия хатшысының жұмыс сапары ары қарай Ұлан ауданына ұласып, ол аудан тұрғындармен көтеріп жатқан мәселе жаңадан салынып жатқан орталық аурухананың құрылыс барысымен және бүгінгі таңда тұрғын үйдің ғимаратында тұрғындарға қызмет көрсетіп отырған аурухананың жұмысымен танысты. Қазіргі аурухана айына 1 300 адамдардады қабылдап жатыр, бірақ бұл аурухана аудан үшін жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан ауданға, жаңа үлкен аурухананы керек етеді. Аудан тұрғындарының қажеттілігіне орай жаңадан салынып жатқан аурухананың бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттары толықтай дайын. Айтып атсақ, салынып жатқан ғимарат АҚ «Досжан темір жолы» атынан аудан тұрғындарының медициналык көмек алуға деген мәселені шешу үшін жаңа орталық аурухананың құрылысы үшін берілген. «Жаңадан салынып жатқан орталық аурухананың құрылысы осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, қолданысқа берілетін болады. Қазіргі таңда бұл аурухананың құрылысымен ішкі құрал жабдықтары үшін ақша қаражат жеткілікті» – деді Ұлан ауданының әкімі Н.А.Сақтағанов. Nur Otan партиясының хатшысы айтуынша, жаңадан салынып жатқан орталық аурухананың құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі және көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей құрылыс жұмыстарының аяқталып қолданысқа берілуі партияның қатаң бақылауында болмақ. Өйткені аурухана құрылысының уақытында бітіп, жұртшылықтың пайдалануына берілуі аудан халқы үшін ерекше маңызды. Қазіргі уақытта тұрғындарға қызмет көрсетіп тұрған аурухананың жұмысымен танысқан партия хатшысы өз кезегінде ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді. Партия хатшысы Әлібек Әлденей Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде тұрғындарды алаңдатқан мәселелермен танысып, Шемонаиха ауданындағы жабық спорт кешенінің мәселесімен Ұлан ауданындағы аурухана мәселесінің шешілуіне ықпал жасады. Еске сала кетсек, бүгінгі күнге дейін партия басшылығы еліміздің үштен бір бөлігін аралап, шалғайдағы аудандар мен ауыл тұрғындарының мәселерімен танысты.  width=