Баспалдақпен төмен түсіп 50 адам өздері шықты.
Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды
925
оқылды

18 желтоқсанда сағат 14:10-да Тұран ауданы Қонаев даңғылы 91-үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр болатын ас үй мен лоджия өртенді.

"Өрт 14:48-де сөндірілді. Баспалдақпен екі адам құтқарылды. Баспалдақпен төмен түсіп 50 адам өздері шықты", – делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.