Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Сұңғат Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
630
оқылды

Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.

1996-2000 жылдары аралығында «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары аралығында ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2004-2007 жылдары  Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерде директор болды.

2008 жылы  «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары  Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқарма басшысы.

2010-2013 жылдары  «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті.

2013-2014 жылдары  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры.

2014-2018 жылдары  ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы.

2018-2020 жылдары  ҚР Энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары  Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021-2022 жылдары  «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.