Күдікті өз кінәсін мойындады.
Таразда 2 адамды құлдықта ұстаған күдікті ұсталды
2,513
оқылды

Тараз қалалық Полиция басқармасына 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түскен,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, арызда жәбірленушілер ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойып, Тараз қаласындағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін жазған. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен, яғни заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтайды. Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алған кезінде ұсталады.

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Сондай-ақ ұстау барысында одан 200 мың теңге ақшалай қаражат, «Редми-7» маркалы ұялы телефон және құжаттар тәркіленген.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.