Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Үш облыста 4 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
1,370
оқылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, –   деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жамбыл облысында  1 учаске (79 шақырым)

 1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 шақырым, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы)   79 шақырым;


Жетісу облысында  2 учаске (223 шақырым)

1. "Үшарал-Достық" а/ж 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым.;

2 "Алматы-Өскемен" а/ж 287-410 шақырым, Талдықорған қ. -Сарқант қ.

Қызылорда облысында –  1 учаске (289 шақырым)

 1. Самара-Шымкент " а/ж 1361-1650 шақырым,  Арал қ-Босмандық а.  289 шақырым;


Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды.