Бұл оқиға "Алдараспан" әзіл-сықақ театры Талдықорған қаласына жеке кешін өткізуге барғанда орын алған.
Халыққа олай жасамаңыздар: талдықорғандық азамат Нұржан Төлендиевке ұрсып тастады
951
оқылды

Театрды 1 сағат 20 минут күткен жергілікті тұрғындардың ішінен бір азамат шығып "Алдараспанның" жетекшісі Нұржан Төлендиевке ұрсып тастады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазбаны әлеуметтік желіге Бейісқали Данияр есімді азамат жүктеген. Оның түсініктемесінде: "Талдықорғанға концерт беруге келген "Алдараспан" театры халықты 1,5 сағат күттірген. Ағамыз айтып тастады. Дұрыс жасады ма? Әлде бұрыс па?", - деп жазылған.

Ал бейнежазбадан сахнада тұрған Нұржан Төлендиевке ер адамның ұрысып жатқанын көруге болады.

"Талдықорғанның азаматтарын сыйлаңыздар. 1 сағат 20 минутқа кешікті. Халыққа олай жасамаңыздар. Халық сыйлағаннан кейін өнер өсіп жатыр. Концертке келдік. Билетті бір ай бұрын сатты ма, бір сағат бұрын осы жерде болыңыздар. Шалбар киіп жүрген ер-азаматсыздар ма? Сөздеріңізде тұрыңыздар", - дейді ер адам.

Актер Нұржан Төлендиев концертке келген азаматтың сөзіне келісіп, тек бас шұлғи береді.