Министрлік өкілдері уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Республика аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
1,620
оқылды

Сенбі күні ел аумағы бойынша телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы тоқтатылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде телерадиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабарланды.

Министрлік өкілдері уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.