Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласына түрік-неміс компаниясы тұрғын үй салуы мүмкін.
Қызылордада түріктер тұрғын үй салуға ниет білдірді
1,540
оқылды

Осы мақсатта Қызылорда қаласы әкімдігімен әріптестік қатынас орнатуға ниет білдіріп отыр. 

Аталмыш жоба аясында «Торкам» холдингтің өкілдері қала әкімі  Асылбек Шаменовпен кездесті. Кездесуде холдингтің директоры Дурмаз Адил Қызылорда қаласында арендалық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға мүдделі екенін жеткізді. Бұл компанияның Түркиядан бөлек, Германия, Нидерланды, Болгария, Алжир, Люксембург және Конго Демократиялық Республикасында шамамен 5000 адамнан тұратын командасы бар екен. Көптен бері құрылыс саласында күрделі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын алға тартты.

Әлеуеті зор холдингтің ұсыныстары қала әкімдігі тарапынан қолдау жасауға дайын. Болашақта салынатын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жер бөлініп, қажетті инфрақұрылым жеткізіледі. Шаһар басшысы бұл тұрғыда құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылуы керектігін міндеттеді. Әзірге ұсынылған жобаны арнайы мамандар жан-жақты зерттейді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы