Келесі жылдан бастап шағын биз­нестегі мораторий алынғанымен, тек­­серулер екі есе азаяды. Бұл туралы Ұлт­тық экономика министрі Әлібек Қуанты­ров мәлімдеді.
Шағын бизнесті тексеру азаяды
864
оқылды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес нысандарына тексеруді жасанды интеллект тағайындай бастайды. Ұлттық экономика министрі 2025 жылы күшіне енетін Салық ко­дексін талқылаған жиында шағын бизнесті тексеруге қойылған мораторий күшін жойға­­нымен, тексерулер бұрынғыдай көп болмай­­­­тынын айтты. «Шағын және микро бизнесті тексеруге қойылған мораторий негізі былтыр бітуі керек еді. Бір жылға ұзартылды. Яғни, биыл бітеді. Былтыр жыл бойы Үкімет биз­неспен, сарапшылармен бірге бизнеске қатысты құ­қықтық-нормативтік актілерді сараптап шықты. 25 мың актідегі 128 мың талапты талдап, 10,1 мың талапты тиімсіз, өзектілігі жоқ деп та­­­ны­дық. Заңдарға қосымша 9 мың талапты алып тас­тадық. Тағы 1 мың талап қалды, қазір Мәжілістің қарауында жатыр. 1 қаңтардан бас­­тап олар да күшін жояды», – деді министр. 

Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап бүкіл салада сын-қатерлерді басқару жүйесі ен­гізіледі.