Абай университетінде озық ғылыми-зерттеулер жүріп жатыр.
Абай университетінде қаржыландыру жобаларын жүзеге асыру басталды
715
оқылды

Абай университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы бойынша екі ірі ғылыми жоба жүзеге асырылу үстінде.

1-жоба: «Жоғары оқу орнының  online community  кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау». Жобаның ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Ұлжарқын Абдигапбарова.

Жоба аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық базасына Цифрлық әдеп кодексін енгізу;  online community кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениетін және цифрлық этикетін қалыптастырудың Жол картасын әзірлеу; бірегей білім беру бағдарламаларын, жаппай ашық онлайн-курстарды, бейне кітапханалар, практикумдар, психологиялық тренингтердің әдістемелік сценарийлерін; online-community  CyberEdNetworks цифрлық платформасын және педагогтердің біліктілігін арттыру курсын әзірлеу жоспарланған.

 

 2-жоба: «Постқалыпты уақыттағы рухани-мәдени, саяси, әлеуметтік құбылыстар ретіндегі исламның ықпалы мен келешектері: Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің тәжірибесі». Жоба жетекшісі – PhD Елена Музыкина.

Жоба аясында ислам факторының әлеуметтік-саяси үрдістерге, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікке ықпалының теориялық және тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу; тәуелсіз Қазақстанда дін дамуының негізгі ерекшеліктерін анықтау; мемлекеттің постқалыпты уақыттағы діни саясатты жетілдірудің саяси-құқықтық тетіктерін айқындау және Қазақстандағы діни ахуалға талдау жасау; қазіргі Қазақстанда исламды дамытудың негізгі тәсілдері мен жолдарын ашу көзделген. 

Жобалардың нәтижелері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның міндеттерін шешуге бағытталған: цифрлық білім беруді кеңейту, цифрлық мәдениетті қалыптастыру, рухани және мәдени, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін сараптау, исламның тарихи қалыптасқан рухани-мәдени құбылыс ретіндегі рөлі мен маңызын ашу. Ғылыми нәтижелер қазақстандық исламтану мен дінтану, педагогикалық және мәдени-білім беру ғылыми саласының одан әрі дамуына үлес қосады.

Абай университеті озық ғылыми-зерттеулерді табысты жүргізіп, еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына белсенді ықпал етпек.