Оның қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді.
Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды
Фото: instagram/_salta_n
946
оқылды

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалған.

"Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты айтар болсақ, Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасау туралы қылмыстық іс аясында материал келіп түскені рас. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның  қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-сараптама күні кеше ғана келіп түсті.

Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, 30 күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс. Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады", –  деді Талғат Уәли.