Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының шеткері ауыл тұрғындардың көтерген ең маңызды мәселенің бірі – елді мекендерді медициналық орталықпен қамтамасыз ету болатын.
Шығыс Қазақстанда шалғай елді мекенде медициналық пункт ашылды
2,416
оқылды

Әбден тозығы жеткен ғимараттарда орналасқан медициналық пункттерге жаңа ғимараттар салу проблема болған. Көтерілген мәселелерді саралай келе «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасына 2023 жылы Күршім ауданының 5 елді мекенінде  медициналық пункттер салу енгізілілді. 

Барлық ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту мақсатында әзірленген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Күршім ауданының  Маралды, Жолнұсқау, Аманат,  Ақжайлау, Урунхайка ауылдарында медициналық пункт ғимараттары салынуда.

 

Кеңес үкіметі заманында да, тәуелсіздік алған жылдары да  біздің шеткері жатқан ауданда бір жылда бес бірдей денсаулық сақтау нысанын салу болып көрмеген болатын. Әр нәрсеге күмәнмен қарайтын ауыл тұрғындарына бұл үрдіс үлкен қуанышпен қоса ертеңге деген сенімділігін ұялатты.

 

 

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  Жолнұсқау, Аманат, Маралды ауылдарында  медициналық пункттердің жаңа ғимараттары ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратқа еніп, ішіндегі заманауи қондырғыларды көрген тұрғындар Мемлекет басшысына үлкен  алғыстарын айтуда. Ақжайлау мен Урунхайка ауылында да  жаңа ғимараттар жуық арада ашылмақ.