Үйде тұрған барлық адам істің мән-жайын анықтау үшін ұсталған.
"Құлағы, басы жарылған". Алматылық қыз бірнеше күн сексуалдық құлдықта болған
1,520
оқылды

Құлдықта болған алматылық қыз басынан өткен оқиғасын айтып берді. Айтуынша, әлдекімдер оны ұрлап әкетіп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Алматылық қыз құлдықта болған кездерінде аямай соққы жеген. Жәбірленуші қыз қашып кетіп, полицияға жүгінген. Притонды басып алуға тура келген. Жеке үй иелері басқа да қыздарды мәжбүрлеп ұстағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Құлдықта болған қыздың құлағы жырылып, басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Алматылық қыз телеарна тілшілері келген кезде бетін жабуға тырысқан. Айтуынша, қыз бірнеше күн бойы сексуалдық құлдықта болған. Ол бірнеше күн бойы зәбір көріп, интим қызмет ұсынуына тура келген. 

Алматылық арудың сөзінше, оқиға бірнеше апта бұрын болған. Ол әдеттегідей жұмыстан шығып, үйге қайтып келе жатқан. Бір сәтте көлік тоқтап, ішінен ер адамдар шыққан. Олар қызды күштеп көлікке салып, жеке үйге алып кеткен. 

"Олар маған: "Жезөкше боласың. Егер келіспесең ата-анаңа сен немен айналысып жүргеніңе дәлел болатын құжаттар көрсетеміз" деді", – дейді алматылық қыз.  

Ол үйіне оралмағандықтан, жақындары алаңдап, іздей бастаған. Қоңырау шалғанымен тұтқаны ешкім алмаған. Бірнеше күннен кейін алматылық қыз байланысқа шығып, қайда жүргенін айтқан. Жақындары оны құтқарудың амалын іздей бастаған. 

"Естуімше, ол жерде басқа қыздар да бар. Тіпті, қыздарды заңсыз, мәжбүрлеп ұстап жүр. Оларда үйдің артынан кіретін есік бар екен. Сол жерде әдейі тұрдым және қыздарды ұрып, олардың айғайлаған дауысын естідім".  

Алматылық қыз бен жақындарының әр күні бүгінде қорқынышпен өтеді. Ол құлдықта болған үйді полицейлермен бірге барып көрсетуге ғана келіскен. Көршілердің сөзінше, ол үйде бірнеше уақыттан бері притон ұйымдастырылған. Үй иелері полицейлерді кіргізуден бас тартқан. Қосымша наряд шақыруға тура келген. Артынша полицейлер ақыры үйге кірген. Ол жерде жеңілжүрісті бірнеше қыз жүрген. Үйде тұрған барлық адам істің мән-жайын анықтау үшін ұсталған. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.