21 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі ахуал бойынша үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың төрт учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Қазақстанда республикалық маңызы бар төрт автожол жабылды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
658
оқылды

Қазақстанда республикалық маңызы бар төрт автожол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

QazAvtoJol Telegram-дағы каналының хабарлауынша, 21 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі ахуал бойынша үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың төрт учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді:

Жетісу облысы – бір учаске: "Үшарал – Достық" учаскесі Көктума стансасы – Достық стансасы. Шектеу көліктің барлық түріне (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) енгізілді.

Ақмола облысы – бір учаске: "Жібек жолы" ақы алу пунктінің "Екатеринбург – Алматы" учаскесі – Қарағанды ​​облысының шекарасы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге (боран, жолдың дұрыс, көктайғақ) қатысты.

Қарағанды ​​облысы – екі учаске:  "Екатеринбург – Алматы" учаскесі, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП және Новостройка ауылы учаскесі – Ақсу-Аюлы ауылы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) қатысты.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмыс істеп жатыр.