Сондай-ақ, Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға сауда үстемесін бірнеше рет асырғаны үшін екі көтерме жеткізуші жауапқа тартылды.
Еліміздің бес аймағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
722
оқылды

Қазақстанның бес аймағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25%-ға, яғни 340 теңгеден 260 теңгеге дейін төмендетілді. 

Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40%-ға арзандатылды. Қарақұмықтың 3 кг қаптамасының бағасы 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін арзандады.

ШҚО-да ҚМА аумақтық департаментінің бастамасымен білім беру мекемелерінде алдағы жылға қарақұмық пен қантты сатып алу бағасы қайта қаралды. Орташа алғанда, өнімдердің құны 30%-ға төмендеді. Мәселен қарақұмық 35%-ға, 625-тен 420 теңгеге арзандаған. Қант бағғасы 20%-ға, 536-дан 435 теңгеге дейін арзандады. 

Сондай-ақ, Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға сауда үстемесін бірнеше рет асырғаны үшін екі көтерме жеткізуші жауапқа тартылды. Нәтижесінде бағалар шамамен 15%-ға төмендеді.