Жолаушы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жолаушы көз жұмды
1,028
оқылды

«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 719 шақырымында жол апаты болып, бір жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шымкент қаласынан Сарыағаш бағытына шыққан Toyota Camry көлігі Mersedes-Sprinter жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды.

Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. 

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Төлеби АПБ мен аудандық прокуратура басшылығы барды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданатын болады», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.