Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қорытынды есеп беріп жатыр.
Апатты үйде тұрып жатқан 4,7 мың елорда тұрғыны көшіріледі
765
оқылды

Елордада апатты үйлерден 4 710 адамды көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Құрылыс саласы елорда экономикасының негізгі драйвері болып қала береді. Қазіргі уақытта 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша азаматтардың әртүрлі санаттары үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық», – деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, оның ішінде жетім балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, сонымен қатар жұмыс істейтін жастар бар.

«Қазір құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Келесі жылдың басында – қаңтар айында кезекте тұрғандар өз үйіне кіреді. Сонымен бірге Астанада реновация бағдарламасы бекітілді. 2029 жылға дейін 206 апатты үйден 4 710 тұрғынды көшіру жоспарланған. Бұл жұмыс басталып кетті. Биыл 400 пәтер осындай азаматтарға берілсе, келесі жылы – тағы 700 пәтер. Әрі қарай жылына 1 мың пәтерден беріледі деп жоспарлап отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қорытынды есеп беріп жатыр.