Қазақстан 2020 жылы мерекелік күндерден қанша қаражат жоғалтады?
Қазақстан 2020 жылы мерекелік күндерден қанша қаражат жоғалтады?
© сурет интернеттен алынды
265
оқылды
Ресейдің аудиторлары жүргізген сараптаманы негізге алсақ, ол жерде елдің жалпы ішкі өнімі мен жұмыс күндері, мерекелердегі демалыстар есептелген, - деп жазады inbusiness.kz. Биылғы жалпы ішкі өнім 75 трлн теңге болады деп болжанған. Бұл преьер-министр сайтынан алынған ақпарат. Ал бір жылда 247 жұмыс күні, 119 демалыс күні бар.    Енді 75 трл теңгені 306 күнге бөлсек 245 млрд теңге шығады. Мерекеде жұмыс істеген 1 күн 0,5-ке тең екенін ескерсек, онда 120 млрд теңге шығады. 2020 жылы 23 мерекелік демалыс күні бар. Демек 120-ны 23-ке көбейтеміз. Нәтижесінде 2 трлн 760 млрд теңге шығады. Яғни, Қазақстан экономикасы мерекелік демалыс күндердің салдарынан 2 трлн 760 млрд теңгеден қағылады. https://www.youtube.com/watch?v=vUCRFr2UtYw&feature=emb_logo