Қасым-Жомарт Тоқаев Пра­га қаласында бол­ған қай­ғылы оқиғаға байланысты Чех Республи­касының Пре­зи­денті Петр Павелге көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республи­касының Пре­зи­денті Петр Павелге көңіл айтты.
1,204
оқылды

– Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осын­дай ауыр сәтте Чехия хал­қының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл ай­тамын, ал зардап шеккен аза­мат­тардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіре­мін, – деп жазылған жеделхатта.