Астанада 2029 жылға де­йін 60 мемлекеттік бала­бақша салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ инвестор­лар қара­жатына 16 жеке­меншік балабақша салы­нуда.
Астанада 60 мемлекеттік балабақша салынады
709
оқылды

Бұл туралы Орталық комму­ни­кациялар қызметін­де өткен баспасөз мәслиха­тында қала әкімі Жеңіс Қа­сым­бек мәлім­деді.

Астана қаласында 2024 жылы 25 мектептің құрылысы жоспар­ланып отыр. Оның 15-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынбақшы.   «Астанадағы білім беру жүйесі, әсіресе жаңа құрылыс аудандарында мектептер мен ба­ла­бақшалардағы орын тапшы­лығына ұшырады. Мәселені шешу үшін биыл 7 мектеп пай­далануға берілді, тағы 5 мек­теп­тің құры­лысы аяқталып келе­ді», – деді әкім.   

Жалпы, қалада «Жайлы мек­теп» жобасы бойынша 90 мың оқу­­шыға арналған 24 мектеп са­лы­­нады. Оның 15-і қарқынды да­­мып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады. Осылайша, 2028 жылға дейін екі ауысымда 200 мыңға жуық орынға арналған 80-нен астам мектеп салу көзделіп отыр.

«2029 жылға дейін жергілікті бюджет және мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік тетігін қолдана отырып, 15 заманауи оқушылар сарайын салуды жоспарлап отыр­мыз. Ең алғашқысы Тұран даңғы­лында орналасқан «Сана» оқу­шы­лар сарайы осы жылы пайдалануға берілді. Келесі жылдың бірінші тоқсанында қаланың әр ауданын­да бес оқушылар сарайының құрылысын бастаймыз», – деп толықтырды Ж.Қасымбек.