Жер телімдерін заңсыз иемденіп отырғандардің дені ең шұрайлы алқаптарға ауыз салған. Жер қойнауындағы байлық пен мал үшін жайлы болар жерлерді иемденіп алғандар мемлекетке өз ерктерімен емес арнайы тексерістен соң мәжбүрлі түрде қайтарып жатыр.
Қайтқан жерден қайыр бар
1,517
оқылды

Бір қызығы Мемлекет басшысы шегелеп тапсырма бергенде алқап жерді жеке мақсатына заңсыз пайдаланғандардың саны да артып шыға келген. Бұл деректер «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы нәтижесінде анықталып жатыр. Жуырда комиссия Шымкенттен біраз алқапты мемлекетке қайтарды.

Прокуратура өкілдері Шымкентте жер қойнауын пай­даланушылар өздерінің келісімшарттық мін­дет­те­мелерін орындамағаны туралы хабарлады. Шы­м­кент қаласының прокуратурасы осындай 17 жер қойнауын пай­даланушыны анықтады.

«Құрамында пайдалы қазбалары бар жерді мем­лекеттен алу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар бір­қатар шарттарды, соның ішінде әлеуметтік си­пат­тағы шарттарды орындауға міндеттенеді. Алайда бар­лық жер қойнауын пайдаланушы өздерінің ке­лісімшарттық міндеттерін орындамаған», – деп жа­зылған хабарламада. 

Прокурорлардың қадағалау актісімен жергілікті ат­қарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мем­лекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 гектар жер учаскесін қайтарған. Сондай-ақ жер қойнауында заңсыз өндіріс жүргізудің 5 фактісі анықталған. 

«Олардың ешқандай құқықтық құжаттары болмаған. Кінәлілер «Жер қойнауына мемлекеттік мен­шік құқығын бұзу» бо йынша әкімшілік жауап­тылыққа тартылды», – дейді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 9,32 млн гек­тар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған. Пайдаланылмаған учаскелер «Қазғарыш» космомониторингтің көмегімен анықталып отыр. 

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен елі­мізде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысы өз нәтижесін беріп келеді. Мә­селен, Шымкент қаласында аталған комиссияның ат­салысуымен 603 гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылған. Олар Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенінде Бадам өзенінің бойында орналасқан.

Елімізде жайылым тапшылығы өте өзекті еке­ні белгілі. Бұл ретте, партия өкілдері алдымен жер­гілікті тұрғындармен кездесіп, ауыл шаруашылығы жер­лерін қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұ­мыстарды хабарлайды. Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіреді. Сөйтіп, комиссия жұмысы өз нәтижесін беріп, жер халық игілігіне қай­тарылған. Ауыл тұрғындары ел игілігі үшін жаса­лып жатқан мұндай игі істерге шынайы алғысын білдіріп жатыр. 

Мегаполисте қалалық комиссия былтыр құры­лып, осы уақыт аралығында 3 отырысы өтіп, маңызды шешімдер қабылданды.

Айта кетейік, шаһар үшінші мегаполис атанған тұста Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының бір­аз бөлігі Шымкент қаласының аумағына қосыл­ған болатын. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы