Бас прокуратура күдіктіні бүгін елге жеткізді.
720 миллион теңге салықтан жалтарған қазақстандық Камерунда ұсталды
1,631
оқылды

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстан Республикасының құрметті консулының көмегімен аталған африкалық елден Қазақстан азаматын экстрадициялады, -  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

– Ол 2017-2019 жылдары жалған шот-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңге сомасынан астам салықты төлеуден жалтарған деген күдікке ілінген. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған, – делінген құзырлы органның хабарламасында.

Биыл маусымда ол Камерун аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды. 

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Ол 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.