Өрттің таралу қаупі жоқ.
Астанадағы "Хан шатырда" өрт шықты
792
оқылды

Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 желтоқсан күні сағат 14.00-де ведомствоның өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы, 37 мекенжайындағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығындағы өрт туралы шақыруға шыққан.

"Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы стансаның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны белгілі болды", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт орнында жою бойынша жеке құрамның 66 адамы және Астана ТЖД 14 техникасы мен өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.