Ол сыбайлас жемқорлыққа барғанын толық мойындаған.
Жаңаөзенде 70 мың теңге пара алған мектеп директорына үкім шықты
1,494
оқылды

Жаңаөзенде кешкі мектеп директорына сот үкімі шықты, - деп хабарлады Aikyn.kz. 

Жаңаөзен қалалық сотында пара алған мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, сотталушы Жаңаөзен қаласындағы кешкі мектептің директоры қызметін атқара отырып, орта білімді аяқтау туралы аттестатын беру үшін 70 мың теңге көлемінде пара алған.

2023 жылы 1 қарашада прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасақталған.

Сот сотталушының жағдайын жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәні толықтай мойындауын, бұрын сотты болмағанын ескерген, ал жағдайын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен директор ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 млн 100 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалған, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.