Бұл – қаладағы ең ұзын мұзайдыны.
Астанада тағы бір мұзайдыны ашылды
1,851
оқылды

Биыл елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын мұзайдыны ашылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұнда шаһар тұрғындары мен қонақтары қыс бойы келіп, сырғанақ тебе алады.

"Сондай-ақ саябақта бірнеше фотоаймақтар, әдемі декорациялар мен инсталляциялар бар. Әр сенбі мен жексенбі күндері тұрғындар мен қала қонақтары үшін мерекелік бағдарламалар мен ойын-сауық ұйымдастырылады. Бұл астаналықтардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізетін мекеніне айналатынына сенімдімін", - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Сонымен қоса мерекелік қалашықта шаһар тұрғындары коньки тебе алады. Мұнда жалға беру пункттері де жұмыс істейді.