Осы қаржыға Көкшетау қаласында Жаңа жыл мерекесіне дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Мұз қалашығы салынады: Көкшетау әкімдігі Жаңа жылды мерекелеуге 45 миллион теңге бөлген
864
оқылды

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіру үшін «Көкше тазалық» ЖШС мердігер ұйымымен 45 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осы шарт негізінде облыс орталығындағы Абылай хан алаңында мұз қалашығы салынады, оның биіктігі – 22 метр. Жаңа жылдың басты шыршасы орнатылып, түрлі түсті жарықдиотты шамдармен және әшекей бұйымдармен безендіріледі. Қазіргі кезде шырша құрастырылып жатыр.

Сонымен бірге 2024 жылға өтетін жол биіктігі 3 м және ұзындығы 12 метр, оның алдыңғы бөлігінде биіктігі 1 метр және ұзындығы 80 метр қоршау, Аяз ата композициясы және Аяз атаның үш тұлпары мен шанасының композициясы, сегіз кейіпкер, «Сыйлық» композициясы, «Қысқы ай» композициясы, жаңажылдық шамдары бар күмбез, сакура және ақ ағаштар, сондай-ақ қаланың орталық көшелеріндегі жарық бағандарына түрлі түсті жарық панель кронштейндерін орнату қарастырылған. Мұның бәрі жарықдиодты дизайнмен жасалады.

Бұдан бөлек, Абылай хан алаңында, «Достар» мәдениет үйі мен «Болашақ сарайына» алдында бір үлкен, бір кішірек сырғанайтын мұз төбешік орнатылады. Сондай-ақ облыстық филармонияның жанында, Застанционный, Васильковский, Сарыарқа, Центральный, Құлагер, Бейбітшілік, Жайлау шағынаудандарында, Абылай хан даңғылы мен Шұғыла көшесінде бір шыршадан орнатылмақ.

«Мұз қалашығын пайдалану кезінде оны күтіп ұстау, кейін болған соң бөлшектеп жинастыру көзделген. Мерекелік іс-шараларға арналған шығыстарды қысқарту мақсатында бұрын белгіленген және жарамды күйде тұрған безендіру элементтерін қайта сатып алу жүргізілмейді», - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.