Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, әйелдің іші ауырып, дене қызуы болған.
ЖРВИ ғана болған: Көкшетауда жүкті әйел қаза тапты
737
оқылды

Көкшетауда жантүршігерлік оқиға болды. Әне-міне босануы тиіс әйел қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, әйелдің іші ауырып, дене қызуы болған. Оны бірнеше рет жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Әйел Viamedis ЖШС емханасында тіркеуде болған. 

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасынан кейін ғана нақты ақпарат болатынын хабарлады. 

– Көкшетау қаласында ана мен бала өлімі 23 желтоқсанда кешкі сағат 5-те болды. Алдын ала диагнозы ТЭЛА, ауыр деңгейдегі ЖРВИ болған. Толық ақпарат қызметтік тексеріс және сот медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады. Ертең облыстық басқармада  Viamedis ЖШС, перзентхана, қалалық ауруханалар тиісті құзырлы ведомстволардың қатысуымен жиын болмақ. Бұл іске құқық қорғау органдары да араласады. Сондықтан әзірге басқа пікір бере алмаймыз, – деді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Әлеуметтік желі қолданушылары суыт оқиғаға байланысты жедел жәрдемнің уақытында келмейтінін, жүкті әйелді бірнеше рет ауруханалардың қабылдамағанын айтып, өңір медицинасын сынады. 

«Неге біз жедел жәрдемді 4 сағатқа дейін күтеміз», «Мен ауруханалар (перзентхана) жүкті әйелді неге қабылдамайтынын түсінбеймін. Екі аурухана қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр науқас емес, ЖРВИ-мен адам өліп жатыр. Әйел небәрі 34 жаста ғана», «Перзентхана белгілі бір мерзімге дейін жүкті әйелдерге қызмет көрсетпейді. Қалалық ауруханаға жібереді. Ал қалалық аурухана қарап болғанша бір сағаттан астам уақыт өтеді» деп жазды тұрғындар.