Марқұм әйел бірнеше рет жедел жәрдем шақыртқан.
«Артында 2 баласы қалды»: Көкшетауда жүкті әйел қайтыс болды
1,194
оқылды

Көкшетау қаласында жүктіліктің соңғы мерзімінде болған әйел қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жергілікті БАҚ-та жарияланған мәліметке сәйкес, марқұм әйел іші ауырып, қызуы көтерілгендіктен үйіне бірнеше рет жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызуға асықпаған. Белгілі болғандай, әйел қалалық емханалардың бірінде есепте тұрған.

Келіншектің артында екі баласы қалды.

Ақмола облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі жүкті әйелдің қайтыс болғанын растады. Олар қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.