Балабақша басшысы сот санкциясымен қамауға алынды.
Таразда жекеменшік балабақша басшысы бюджеттен 13 миллион теңге жымқырған
827
оқылды

Тараз қаласында жекеменшік балабақша басшылығы бюджет қаражатынан 13 млн теңге жымқырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Тараз қалалық прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақша басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

Мекеме басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алып отырған. 

Аталған факті бойынша 2023 жылғы 25 қыркүйекте ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.