Ақмолада кішкентай екі бірдей баласымен ұшты-күйлі жоғалған әйел ақыры табылды.
Ақмолада екі кішкентай сәбиімен жоғалған әйел табылды
Фото: paryz.kz
1,916
оқылды

Үш тәуліктен бері ізім-қайым болған әйел мен кішкентай сәбилер Қарағандыдан бір-ақ шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Кішкентай сәбилерімен жоғалып кеткен бестөбелік әйел Әлфия Нұретдинова мен кішкентай екі қызды Ақмола облысы полиция департаментінің жеке құрамы мен волонтерлер үш тәуліктен бері іздеу жүргізген.  

Естеріңізге сала кетсек Бестөбе полиция бөліміне әйелдің екі бірдей кішкентай қызымен жоғалғаны туралы арыз 21 желтоқсанда түскен. Із-түзсіз кеткен әйелдің үлкен қызы бірнеше сағат бұрын анасының екі кішкентай сіңлісімен таныстарының үйінен шығып кеткенін, бірақ қайтып оралмағанын хабарлаған. Одан кейін әйелдің телефоны сөніп қалған. Алаңдаған туысқандары дабыл қағып полицияға жүгінген. 

 

– Арыз түскеннен кейін бірден кең көлемде іздеу шаралары басталды. Бірінші кезекте елді мекен аумағы тексеріліп, із-түзсіз жоғалған Әлфия Нұретдинованың туыстары мен таныстарынан жауап алынды. Үшінші күні Степногор қаласының криминалды полиция бөлімінің жедел тобы әйелдің Бестөбеден 500 шақырым қашықтықта Қарағандыда екенін анықтады. Дереу полиция қызметкерлері Қарағандыға аттанып, жоғалған әйел мен оның екі кішкентай қызын аман-есен тапты, – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінен. 

Қазіргі уақытта Әлфия Нұретдинова мен оның қыздары үйлеріне жеткізілген. Полицейлер әйелдің өз үйінен алысқа не себептен кеткені анықтап тексеріс шараларын жүргізуде. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы