Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері туралы заңды талқылады.
Сенатта жер қойнауын пайдалану туралы заң талқыланды
1,349
оқылды

Сенаторлардың айтуынша, заң жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді жақсартуға, атап айтқанда геологиялық барлау жұмыстарына іс жүзінде жедел көшуге, барлық сараптаманың мерзімін қысқартуға, рәсімдер бойынша әкімшілік шығындарды 2 еседен астам жоюға мүмкіндік береді.

Құжатта сонымен қатар уәкілетті органның жер қойнауын зерделеу жөніндегі KazRC стандартына сәйкес дайындалған есептерді тексеру мүмкіндігін сақтау, ресурстар мен қорлар 25 пайыздан астамға төмендегенде уәкілетті органның пайдалы қатты қазбалар кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды белгілеуі, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі есеп-қисапта дәл емес мәліметті жасыратын немесе көрінеу ұсынатын адамдардың жауапкершілігін күшейту туралы түзетулер ұсынылған. 

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.