Әлеуметтік желіге қалдырған жазбасынан соң, оқырмандары әншіні жерден алып, жерге салды.
Алтынай Жорабаева күйеуінен алған сыйлығымен мақтанды
25,397
оқылды

Танымал эстрада әншісі Алтынай Жорабаева күйеуінен алған сыйлығын көрсетіп, желідегі парақшасына жазба қалдырды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдылары", деген ол төмендегілерді тізіп шыққан:

9 тал гүлмен әуежайдан күтіп алу (егер жанымда адам болса, оған 3 тал гүл )

  • Туған күнге телефон
  • Анда-санда бриллианттар (жылына 2 рет)
  • Қыздарға телефон, эйрподс, планшет, макбук
  • Проффесионалды камера (жаңартып отырады)
  • Өзінің анасының, бауырларының телефондары
  • Менің әкем, анамның телефондары
  • Арасында немере іні-сіңлілеріме телефон, құлаққап.

"Осы дағдылары қанына сіңіп кеткен ғой, жаным-жәннатым!" деп мақтанған әнші. 

Оған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Боқ дүниеге мақтанып...", "Дәстүр бойынша деп астын сызып айттыңыз ғой. Дүниенің құлы болған заман болды, бриллиант, Айфон, не болды сонша?", "Осы Алтынайдың осылай өзгеріп кеткеніне таңым бар, ауылдан шыққан, сендерді жастар көреді ,еліктейді, не өнеге көрсетіп отырсыңдар, ойлансаңдаршы", - деген пікірлер көптеп жазылған.