«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалы ғимаратында «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымы өтті.
Тағдыр тағылымы
1,567
оқылды

Салтанатты рәсімде жаңа кітап­тың тұсауын мәдениет саласының ардагерлері Сара Танабаева, Құжыр­ғали Төлеуішев және педагогика ғылымдарының докторы Светлана Бахишева кесті. Осындай құнды кітаптардың шығуына мұрындық болып жүрген «Отбасы хрестома­тиясы» жобасының негізін салушы заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековті көзі қарақты, оқыған-тоқығаны қазақ мәдениетінен хабары бар көпшіліктің жақсы білетінін жеткізді. Кітап авторының бірі Санжар Керімбай «Өзбекәлі және мәдени майданның» қалай жазылғанына жан-жақты тоқталды. 

«Осы кітапты жазу барысында көптеген адамға жолығып, Өзағаң туралы талай сырға қанықтым. Кітапханада отырып, деректерді ақтардым. Өзбекәлі Жәнібектің ұлтқа, мәдениетке, тарихқа деген құштарлығының қайдан бастау алғанын сезіне түстім. Ол кісінің кішіпейілділігі сондай, «Тағдыр тағылымы» атты кітабында өзі туралы көп нәрсені айтпай кеткен екен. Міне, соның орнын толтыруға тырыстық. Мұндай кітапты оқып, ғибрат алу, әсіресе жастар үшін керек», – деді С.Керімбай.