Қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары елге оралды. Қару 100 жылдан бері жеке адамдардың қолында жүрген. Тарихи жәдігер бүгін Ұлттық музей қорына табысталды.
Қажымұқан қанжары тапсырылды
1,528
оқылды

Бұл – арабтың жамбия деп аталатын қаруы. Қанжар даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі. Оған бұл қаруды балуанға өз заманында Ыстанбұл қаласының әкімі Шағыр паша сыйға тартқан екен. Қанжарда араб және көне түрік-осман тілінде «Күшті жеңілмей­тін Мұңайтпасов Мұқанға» деп жа­зыл­ған сөз болса, екінші бетінде, «Бізден қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл» деп арнайы естелік жазылған. Түрік азаматының қазақ палуанына араб қанжарын беруінің де өзіндік себебі бар. Мұқан белде­сулерінің бірінде Нуруллах есімді түрік балуанын жеңеді. Оған риза болған Ыстанбұл әкімі Қажымұқанға құрмет көрсетеді. Тіпті, бірге қажы­лық жасауға шақырған екен. Қанжар – сол сапардың естелік сыйлығы. Бұл жайлы жәдігерді тапқан – Ардақ Назаров айтты.

Құнды жәдігердің жеке қолдан музейге өтуі ұлт тарихы үшін елеулі оқиға – дейді жиынға қатысушылар. Сонымен қатар балуанға тиесілі 26 зат музейде сақтаулы.