Адал еңбегімен елдің ыры­сын арттырған Түркістан өңірі­нің шаруалары ауыл шаруа­шылығы саласында респуб­ликада көш бастайтыны бел­гілі.
Мал баққанға бітеді
1,626
оқылды

Ауылдағы ағайынның табан ақы, маңдай терімен келетін бейнет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз етіп, отандық экономика­ның қуатты қозғаушы күшіне айналып келеді.

«Баптамаса егін шықпайды, бақ­паса мал өспейді» деген ұғымды мық­тап ұстанған Түркістан өңірінің тұрғындары аграрлық секторда сер­пінді жобалары қолға алды. Нә­тижесінде, облыстың жалпы өңірлік өнімде агроөнеркәсіптік кешеннің үлесі 30 пайызға жетті. Экономи­каның осы секторы жаңа форматта дамуға бет алып, шикізаттық емес экспортқа бейімделген ішкі өндірісті шоғырландыруға басымдық берілді.

Ресми статистика Қазақстаннан экспортталатын мал етінің басым бөлігін Түркістан облысы өндіре­тінін көрсетеді. Сыртқа шығарылған ірі қара етінің 85 пайызы, қой етінің 60 пайызы – түркістандық өнімдер. Республика бойынша өндірілген еттің 11 пайызын, сүттің 12 пайызын жерлестеріміздің малшаруашы­лық­тары беріп отыр. Республика көле­мінде есепке алынған ірі қараның 14 пайызы, қой-ешкінің 23 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 14 пайызы Түркістан өңірінде шоғыр­ланған.

Көріп отырсыздар, мал шаруа­шылығы облыстың тұғырлы эконо­микалық сегментіне айналып келеді. Даласы төрт түлік мал асырауға қолайлы өлкенің ішкі резервін сұрыптай отырып, «Жер аманаты» партиялық жобасын нәтижелі іске асыру мүмкіндіктерін жоспарладық. Қоғам болып жұмыс жүргізуіміздің нәтижесінде жер тапшылығы айқын сезілетін ауыл-аймақтарда 333,5 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды.

Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі болатын мал шаруа­шылығын жаңа формацияға көшіру арқылы ауыл шаруашылығы кооперацияларын ұйымдастыру жұ­мыстары «AMANAT» партиясының 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағ­дарламасында белгіленді. Түркістан облысы бойынша бағдарламаны іске асырудың жол картасында өңір көлемінде 10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарының санын 950 бірлікке дейін жеткізу міндеті айқындалды. Кешенді мем­ле­кеттік қолдаулардың нәтижесінде, оның ішінде «AMANAT» партиясы бастамашы болған «Ауыл аманаты» жобасының шарапатымен Түркістан облысында 10 – 50 бас аралығында ірі қара ұстайтын мал бордақылау алаң­шаларының саны 1168 шаруа­шы­лыққа жетіп отыр. Шағын ша­руашылықтардағы мал басы 18 мыңға жуықтайды.

Сондай-ақ облыс көлемінде ірі қараның санын 1 мың бастан арт­тырған 22 үлкен мал шаруашы­лық­тары бар болса, олардағы мал басы саны 28 мыңнан асады. 400 бастан 1 мың бас аралығында ірі қара бағатын 13 бордақылау алаңы болса, жиын­тығы 5 мың басқа жуық ірі қарасы бар 65 шаруашылықтың әрқайсысы өз иелігінде 50 бастан – 400 бас аралығындағы мал ұстайды. 

Жесе – еті, сауса – сүті, сатса – пұлы болатын төрт түлік мал ауыл адамының басты сүйеніші екенін білеміз. Партияның облыстық фи­лиалы өңірдің ауыл шаруа­шылығын қолдауға бағытталған іс-шараларын әрі қарай да, нәтижелі іске асырады деген сенімдемін.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,

«AMANAT» партиясы Түркістан

облыстық филиалының төрағасы