Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Жел, тұман, көктайғақ: 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.ru
833
оқылды

"Қазгидромет" 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қалың қар түседі. Оңтүстікте қатты оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, екпінді жел тұрады.

Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстікте, батыста, Ақмола облысының орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.