Лондонның Жоғарғы соты қазақстандық Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) ісі бойынша басталған тергеуді заңсыз деп таныды.
Лондон соты ENRC ісі бойынша басталған қылмыстық тергеуді заңсыз деп таныды
1,280
оқылды

Қазақстандық компанияға қарсы заңсыз қылмыстық тергеуді Британияның экономикалық қылмыспен күрес қызметі (SFO) және DECHERT құқықтық фирмасы бастаған болатын. Бұл туралы ENRC компаниясы хабарлады. 

24 тамызда Британияның экономикалық қылмыспен күрес қызметі (SFO) ENRC ісі бойынша он жылға созылған тергеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған. SFO компанияға ешқандай айып таққан жоқ. Лондонның Жоғарғы соты SFO лауазымды тұлғалары мен DECHERT құқықтық фирмасының әріптесі Нил Джеррардтың тарапынан құқықбұзушылықтар болмағанда компанияға қарсы тергеу басталмайтын еді, – деп хабарлаған  өз үкімінде. 

Биыл сот үдерісі наурыз айында өтіп, 8 күнге созылды. Сот  үкімінде: «лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланған» деп атап көрсетілген. Айта кететіні, тура осы құқықбұзушылықтарға қазақстандық ENRC компаниясы бүкіл тергеу және сот үдерісі кезінде аса мән берген. Ұзақ уақытқа созылған сот үдерісінің шешімі 21 желтоқсанда шықты. Бұл сот шешімі – 2022 жылғы мамырдағы шешімнің жалғасы. 

Сот шешімінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған деп 3 тұлға көрсетілген. Бірі - DECHERT құқықтық фирмасының әріптесі Нил Джеррард, ал қалған екеуі - Британияның экономикалық қылмыспен күрес қызметі (SFO) қызметкерлері. Олар  сол кездегі ведомство директоры Олдерман мен бұрынғы SFO директорының міндетін уақытша атқарушы Марк Томпсон. 

ENRC 2013 жылдың сәуірінен 2023 жылдың тамызына дейін SFO тарапынан қылмыстық тергеуге ұшырағанын айта кеткен жөн.  ENRC ісі бойынша SFO-ның негізгі тергеушісі Джон Гибсонның теріс пиғылына қарамастан, қазақстандық компания тергеу басталғаннан бері өзінің кінәлі еместігін мәлімдеген. 2023 жылдың тамыз айында SFO-ның өзі заңсыз әрекетке барғанын мойындады.

Компанияның хабарлауынша, 2021 жылы ENRC SFO-ға қарсы тағы бір сот ісін бастаған. Тергеу кезінде SFO бірнеше рет теріс пиғылда журналистерге ақпарат таратқан. ENRC-дің пікірі бойынша, олардың басты мақсаты – компания туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастыру және сол арқылы ұзаққа созылған істі ақтап, Ұлыбритания үкіметінен қосымша қаржы алу болған. Бұған қатысты сот ісі әлі жалғасуда. 

ENRC қазірдің өзінде тергеу және сот ісіне кеткен 43 млн фунт стерлинг шығынды өндіріп алды. Қаржылай салдардың нақты көлемі алдағы сот үдерісінде белгілі болмақ. Ондаған жылға созылған тергеу ісі компанияға орасан көп шығын әкелгенін ескерткен жөн. 

Сондай-ақ компанияның хабарлауынша, SFO ENRC-ның араздықты сотсыз шешуге бағытталған ұсыныстарын қабылдамаған. 

HOGAN LOVELLS INTERNATIONAL LLP ӘРІПТЕСІ ӘРІ ENRC КОМПАНИЯСЫНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУШЫ МАЙКЛ РОБЕРТС СОТТА КЕЛЕСІДЕЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ: 

«Бүгінгі соттың шешімі ENRC компаниясының өзін кінәсіз екенін табандылықпен қорғағанының белгісі. Әрбіріміз құқықтық фирмалар мен мемлекеттік құқық қорғау органдарынан әділетті әрекетті күтуге лайықтымыз. Бұл сот шешімі құқық қорғау органдарының адвокаттарды өз тұтынушыларына қарсы жасырын ақпарат көзі ретінде қолдану тәжірибесінің заңсыз екенін бәрімізге көрсетті».