Талдықорғанның 34 жастағы тұрғыны көлік ұрлағаны, сондай-ақ мас күйінде көлікті басқарғаны үшін жазаға тартылатын болды.
Жетісулық азамат ішіп алып, туысының көлігін ұрлап кеткен
1,336
оқылды

Ер адамды Кербұлақ ауданында ауылдық учаскелік полицей ұстады, оған Көксу ауылының 68 жастағы зейнеткері Mercedes-Benz көлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған, – деп жазды Aikyn.kz.

Көлік иесі Талдықорғаннан қонаққа келген өгей баласы көлікті ұрлауы мүмкін деп ойлаған. Жәбірленушінің күдігі туысы болып шыққан күдікті ұсталғаннан кейін расталды. 

"Медициналық куәландыру көлік жүргізушісінен алкогольдік мас күйдің орташа дәрежесін анықтады. Қазір ұсталған адам ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша көлік ұрлығын жасағаны және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев. 

Осы жылы өңірдің автожолдарында полиция мас күйде көлік құралдарын басқарған 340-тан астам көлік жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендері үшін олардың 34 қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылды.