Жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.
Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты
8,977
оқылды

Атырау облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, бесеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 желтоқсан күні болған.

«Жылыой ауданында жергілікті уақытпен сағат 14:27 шамасында Құлсары - Сарқамыс тасжолының 4-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – ВАЗ-2115, екіншісі – Lada Largus. Екі адам оқиға орнында көз жұмды. Барлығы ВАЗ-2115 автокөлігінде болған. Олар – 39 жастағы жүргізуші мен жолаушы. Ал Lada Largus-тің 39 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Патрульдік полиция қызметкерлері жол апатының себебін анықтау үшін тергеу амалдарын бастады.