Жергілікті әкімдік биыл жаңа жылды тойлауға 185 млн теңге бөлген.
Павлодарда 53 миллион теңгеге салынған мұз қалашық еріп кетті
1,297
оқылды

Құрылысына 53 млн теңге бөлінген Павлодар қаласындағы мұз қалашығы тұтастай еріп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Бұған толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуы себеп болған.

Ал ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған.

Мәселен, бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатыны көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан Жаңа жылды тойлауға 185 миллион теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті.

Ал құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.