Қостанай облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Қайрат Қасым ауыл маңынан әжей мен қыздың мәйітін тапқанын мәлімдеді.
Қостанай облысында боран кезінде жоғалып кеткен әжесі мен немересінің денесі табылды
фото: Сергей Красноухов
1,033
оқылды

Қостанай облысында Степное ауылының шетінен әжесі мен немересінің үсіп қалған денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Наша газета басылымына сілтеме жасап. 

Қостанай облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Қайрат Қасым ауыл маңынан әжей мен қыздың мәйітін тапқанын мәлімдеді. Олар боранда қатып қалған.

“Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп атап өтті Полиция департаменті.

58 жастағы Наталья Шамарова мен оның 11 жастағы немересі Яна Салихова 26 желтоқсан күні сағат 7:00-де Степное ауылынан шығып оралмаған. Бір тәуліктен астам уақыт бойы жоғалған адамдарды полиция мен еріктілер іздеді. Іздеуге 120-дан астам адам жұмылдырылған еді.