Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан үзілген электр сымдары жал­ғанып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігі ха­барлады.
СҚО-да 5079 абонент жарықсыз отыр
531
оқылды

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің айтуынша, өңірде оқыс оқиғада тиісті әрекет етіп, барлық қызметтің жұмысын үйлестіретін арнайы штаб жұмыс істеп тұр. «Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар – аудан­дық ауруханалар, мектептер, балалар үйлері, орта­лық қазандықтар назарға алынды. Олар бірден қо­сым­ша жарық беру көздеріне қосылды», – деді ол.

Айта кетейік, боран кезінде 13 ауданның 181 елді мекені электр жарығынан ажырап қалған болатын. Электр сымдарының үзілуінен, шағын стансаларда сымдардың тұйықталуынан 14 590 абонент жарықсыз қалды.

Қазір үзілген электр желілерін анықтап, қалып­қа келтірумен «Севказэнерго» АҚ 55 апаттық-жөндеу бригадасы, сонша техника және «Көкшетау-Энерго» ЖШС 37 бригадасы мен 140 техникасы айна­лысуда. Әкімдіктің сағат 15.00-де берген мәлі­меті бойынша, әзірге 92 елді мекендегі 5 079 або­нент жарықсыз отыр.