Талдықорғанда Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы эстрадалық-симфониялық оркестрінің классикалық музыка кеші өтті.
Классикалық музыка кеші өтті
1,231
оқылды

Кеште Павел Тарасеевичтің дирижерлік етуімен Алматы қала­сындағы «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі де өнер көрсетті. Бұл ансамбль 1997 жылғы ансамбльдің көркемдік же­текшісі, Қазақстан Республикасының Халық артисі, профессор Гаухар Мырзабекованың бастамасымен құрылған болатын. Осы уақыт ішінде ансамбль құрамындағы жас музыканттар әлемнің көптеген еліне гастрольдік сапармен барып қайтты. Олар бұл кеште «Симфония 29 финал», «Айттым сәлем Қаламқас» сияқты сазды шығармаларды орын­дады. Музыкалық кешті композитор Серік Еркінбеков жоғары деңгейде бағалады.

«Бағдарламалары өте күшті. Әлемнің шығармалары, компози­торлары, үлкен орындаушыларымыз солардың репертуарларынан жақсы­лап түсіріп, өзіміз де аздап таңғалдық. Жақсылық тілейміз. Оркестр өсе берсін. Тағы да келешекте үлкен әлемдік концерттік залда концерт­терін беріп, осылай өзіміздің қазақ өнерін көрсетсе, біз өте қуанышты боламыз», – деді ол.

 Еске салайық, Жетісу облысы­ның Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы эстрадалық-симфо­ниялық оркестрі 2023 жылғы 27 маусым күні құрылған.