Заңгердің дерегінше, елімізде кейбір зорлық мәселелері полиция тарапынан тіркелмейді.
Алматыда әріптесіне интимдік қысым көрсеткен оқытушы жұмыстан шығарылды – адвокат
705
оқылды

Белгілі адвокат Жанна Уразбахова Алматыда ЖОО оқытушысы әріптесіне интимдік сипаттағы қысым көрсеткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның пікірінше, құзырлы орған өкілдері полиция рейтингін түсірмеу үшін осындай қылмыстарды есепке алмайды.

"Мысалы, Ұлжанның жағдайында да полиция арызды тіркемеген. Құқық қорғау органдары зорлау бабы бойынша арызды тіркегісі келмейді. Зорлық азаймаса да статистика азайып отыр. Тенденцияның өзгермейтіні өкінішті. Көп жағдайда қыздардың өзін айыптаймыз. Бұл дұрыс емес”, – дейді Жанна Уразбахова.

Сонымен қатар адвокат зорлықтың тағы бір түрі туралы айтты.

"Жыныстық қатынасқа сіздің рұқсатыңыз болмаса, күйеуіңіз де мәжбүрлей алмайды. Күйеуіңіз болса да бұл зорлық болып есептеледі”, – дейді заңгер. 

Адвокат жұмыс орнында интимдік сипаттағы қысым жасалған жағдайда зорлықшыны ең болмаса жұмыстан шығаруға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Ол Алматыдағы университеттердің бірінде болған жағдаймен бөлісті. 

"Менің практикамда екі жағдай болған. Алматыдағы мемлекеттік университетте тіркелген. Мұғалім өзінің әріптесіне интимдік сипаттағы қысым көрсеткен. Мұғалім “әдепсіздігі” үшін жұмыстан шығарылды”, – дейді адвокат.