Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей табылды.
Семей тұрғынынан Сақ дәуіріне тиесілі зергерлік бұйымдар тәркіленді
630
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.