Әлеуметтік желіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа қызметке ауысатыны туралы ақпарат тарады.
Бағдат Мусин отставкаға кете ме? – Министрлік жауап берді
1,887
оқылды

Министрліктің баспасөз қызметі осы ақпаратқа қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі күні өз қызметінде. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, Мусин бұл қызметке 2020 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған.