Танымал журналист Дина Төлепберген алғаш рет отбасы мен жары туралы әңгімеледі.
"Сіз маған сөз саласыз ба?" дедім: танымал тележурналист жары туралы айтты
2,278
оқылды

TalkLike жобасына қонақ болған тележүргізушінің биыл тұрмыс құрғанына бір мүшел толғанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 28 жасында тұрмыс құрған. 

“Бізде өте үлкен, алып махаббат болды. Үлкен ұлым – 10 жаста, демек биыл тұрмысқа шыққаныма 13 жыл болды. Қыз бен жігіт болып үш жыл жүрдік. 28 жасымда күйеуге тидім. Сол уақытта жұмыс бабымен Алматыға қоныс аудардым. Күйеуімнің де жұмысы Алматыға ауысты. Осы қалада бас қосып, ерлі-зайыпты өмірімізді бастадық”, – деді журналист. 

Оның сөзіне қарағанда, жолдасы камераны ұнатпайтын көрінеді.

“Біздің үйде мен ғана – жұлдызбын. Күйеуім өзі туралы мәліметті жария еткенімді қаламайды. “Сенің атағың мен абыройың бар, маған ол қызық емес. Сені жұлдыз болғаның үшін жақсы көрген жоқпын” деді. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, көп жерде жолдасымның фотосын көрсетіп, мәлімет салған емеспін. Айтпақшы, оның сөз салғанын үш жыл күткен едім. "Сіз маған сөз саласыз ба? Мен сіздің жарыңыз болуға дайынмын" дедім. "Неге ертерек айтпадың?" деді. Сөйтсек, ол мені күтіп жүрген екен. Республика сарайының алдында тұрып, жары болуға келісімімді бердім. Негізі ол жерге біз бірге бассейнге баратынбыз. Бір күні спортзалға кірмейді. “Күнде кіреміз, бүгінше демалайық” деп. Мен тыңдамай кіріп кеттім, ол сыртта күтіп тұрды. Шықсам: “Маған тұрмысқа шығасың ба?” дейді. Бассейннен шығып тұрған бетім, шашым мен үстім су болып қалған. Сол жерде келісімімді бердім”, – деп жастық шақты еске алды Дина.